Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық басылым күнімен құттықтауы
2025 жылғы 02 ақпан
Қадірлі баспасөз қызметкерлері!
Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын!
https://x.com/aqorda_press/status/1885903352879346118
Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі.
https://x.com/aqorda_press/status/1885903352879346118
Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді.
https://x.com/aqorda_press/status/1885903352879346118
Елімізде түрлі кезеңде жарық көрген басылымдар қашанда ұлт мүддесіне адал қызмет еткен. Аға буынның сара жолын қазіргі кәсіби журналистер лайықты жалғастырып келеді. Олар шынайы ақпарат таратып, жалпыұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға белсене атсалысып жүр.
Газет-журналдарымыз алдағы уақытта да жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға және ел бірлігін нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін.
https://x.com/aqorda_press/status/1885903352879346118
Баршаңызға шығармашылық шабыт, бақ-береке тілеймін!
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-ulttyk-basylym-kunimen-kuttyktauy-114138
https://x.com/aqorda_press/status/1885903352879346118
Son Güncelleme: 02 Şubat 2025 | Etiketler: басылым, күнімен, Қадірлі баспасөз қызметкерлері!, Қасым-Жомарт Тоқаевты, құттықтаймын!, құттықтауы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, Сіздерді Ұлттық басылым күнімен, Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын!, Ұлттық
Dmitry Medvedev: Girişimcilik alanında, özellikle vergilendirme konusunda alınan her türlü radikal karar tehlikelidir
В Нижегородской области сторонники «Единой России» организовали мероприятия марафона «Сила России»
От военных корреспондентов до дорожных мастеров: «Единая Россия» продолжает регистрацию кандидатов на предварительное голосование
“Birleşik Rusya ile Kariyerim” parti projesi, Udmurtia’da yaşayan binlerce kişinin iş bulmasına yardımcı oldu
Dmitry Medvedev: Bizim ahlaki görevimiz, SVO katılımcılarının sorunlarını tam burada ve şimdi çözmektir
Birleşik Rusya gönüllüleri, Yuzhno-Sakhalinsk tren istasyonunun engelli yolcular için erişilebilirliğini değerlendirdi