Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Президент Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс Төрағасы Ласло Kёвермен кездесті
2024 жылғы 20 қараша
Мажарстан, Будапешт қаласы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ласло Kёвермен әңгімелесу барысында өзінің Мажарстанға сапары екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын жаңа белеске көтеретінін айтты.
https://x.com/aqorda_press/status/1859278460348399866
Бұл орайда Президент екі елдің парламентаралық ықпалдастығы маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.
https://x.com/aqorda_press/status/1859278460348399866
– Қазақстан мен Мажарстанның заң шығарушы органдары арасындағы қарым-қатынасты жандандыруды құптаймын. Бұл қос халықтың өзара түсіністігін нығайтуға ықпал етеді деп санаймын. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сізді Қазақстанға сапармен келуге шақырамын, – деді Президент.
https://x.com/aqorda_press/status/1859278460348399866
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыттағы бірлескен іс-қимыл сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтіп, мәдени-гуманитарлық байланысты тереңдетуге тың серпін беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы жоғары білім саласындағы қатынастарды арттыруға баса мән берді.
– Жаңа ғана Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездестім. Сіздің еліңізде оқитын және білім алуға ниетті жастарды әрдайым қолдаймыз. Бұл байланыстар елдеріміз арасындағы «алтын көпірге» айналады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://x.com/aqorda_press/status/1859278460348399866
Өз кезегінде Мажарстанның Мемлекеттік жиналысының Төрағасы парламентаралық ықпалдастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, заң шығарушы органдардың ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. Сонымен қатар екіжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша стратегиялық серіктестікті тереңдету қажет екеніне назар аударды.
https://x.com/aqorda_press/status/1859278460348399866
Кездесуде халықаралық аренадағы жағдай да талқыланды.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ласло Кёвер Мажарстан Парламентінің ғимаратын аралап көрді.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-mazharstannyn-memlekettik-zhinalys-toragasy-laslo-kyovermen-kezdesti-20103644
https://x.com/aqorda_press/status/1859278460348399866
Son Güncelleme: 21 Kasım 2024 | Etiketler: Kёвермен, басшысы, Будапешт қаласы, жиналыс, кездесті, Қасым-Жомарт Тоқаев, Ласло, Мажарстан, Мажарстанның, Мемлекет, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, Мемлекеттік, Президент, Президент Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс Төрағасы Ласло Kёвермен кездесті, төрағасы
Murmansk Bölgesi Birleşik Rusya çalışmalarını özetledi ve yönetim organlarının yapısını güncelledi
İnsani yardımdan altyapı restorasyonuna: Birleşik Rusya, Herson bölgesinde üç yıllık çalışmanın ara sonuçları hakkında
BİRECİK BELEDİYE BAŞKANI MEHMET BEGİT `TEN 10 ARALIK DÜNYA İNSAN HAKLARI GÜNÜ MESAJI
ASKA GRUP TEKSTİL YÖNETİM KURULU BAŞKANI ABDÜLKADİR ARSLAN `DAN 10 ARALIK DÜNYA İNSAN HAKLARI GÜNÜ MESAJI
M. TÜRKİ GÜNDOĞAN `DAN 10 ARALIK DÜNYA İNSAN HAKLARI GÜNÜ MESAJI
AĞRI İLİ DAMIZLIK KOYUN KEÇİ YETİŞTİRİCİLERİ BİRLİĞİ BAŞKANI MEHMET NURİ SAMANCI `DAN 10 ARALIK DÜNYA İNSAN HAKLARI GÜNÜ MESAJI